Өзгеге көмекке асыққан қос дәрігер көз жұмды

991

Семей-Өскемен тас жолында орын алған жол апаты қос бірдей дәрігердің өмірін жалмады. Жедел жәрдем көлігімен жұмыс бабымен жүрген дәрігердің екеуі де Үржар аудандық ауруханасының білікті маманы болатын.

Өзгеге көмекке асыққан қос дәрігер көз жұмды

"Саналы ғұмырын медицина саласының дамуына, халыққа қызмет ету жолына арнаған, аудандық аурухананың хирургия бөлімінің меңгерушісі Ғабдуллин Бейбіт Төлеуғазыұлы мен анестезиологы Әзілханов Болат Қапсаметұлының қазасы баршамыздың қабырғамызды қайыстырып отыр",– дейді облыс әкімінің баспасөз хатшысы.

Оқиға кеше кешқұрым болған еді. Тіркемесі бар "ДАФ" маркалы жүк көлігінің жүргізушісі Өскемен-Семей жолында көктайғақ салдарынан тізгінге ие бола алмай, қарсы бағыттағы "ГАЗ-A31R23" маркалы жедел жәрдем көлігін соққан. Жарақат алған "Жедел жәрдем" жүргізушісі Семейдегі ауруханаға жеткізілсе, екі дәрігердің демі сол сәтте-ақ үзіліпті.  

"Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің  345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сот сараптамалары тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда", – дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу