Палестинаны мемлекет ретінде тану ештеңе шешпейді, барлығы израильдықтарға байланысты – сарапшылар

222

Испания, Ирландия мен Норвегияның Палестинаны мемлекет ретінде тануы ештеңе шешпейді, мұны тек палестиналықтарды психологиялық тұрғыда қолдау деп қана түсіну керек.

Палестинаны мемлекет ретінде тану ештеңе шешпейді, барлығы израильдықтарға байланысты – сарапшылар Фото: turkishnews.com

Профессор Андрей Баклановтың айтуынша, Палестина мемлекетін тану процесі шамамен 20 жыл бұрын басталған, сондықтан оның Таяу Шығыстағы қақтығысқа айтарлықтай әсері болмайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұл жағдайда Израильдің ұстанымы шешуші рөл атқарады, еврей мемлекетінің билігі өз мүдделеріне сүйене отырып әрекет етеді, дейді ЭЖМ ҰЗУ-дың Әлемдік экономика және әлемдік саясат факультетінің шетелдік аймақтану департаментінің профессоры Андрей Бакланов. 

"Израиль қысымға үйреніп қалған, олар халықаралық қоғамдық пікірге аса құлақ сала қоймайды. Сондықтан, бұл оларға әсер етеді деп ойламаймын", - деді Бакланов.

Сарапшы Палестинаны жақын арада тағы үш-төрт мемлекет тануы мүмкін екенін мойындайды. Алайда, бұл процесс халықаралық күн тәртібі мен аймақтағы жағдай тұрғысынан палестиналықтарды психологиялық қолдаудан басқа ештеңе бермейді. 

Дегенмен саясаттанушы Виктор Мизиннің айтуынша, Таяу Шығыстағы жүріп жатқан қақтығыс аясында Палестинаны Еуропа елдерінің қолдауы — Израиль үшін қауіпті нышан.

"Егер бұрын Батыс елдерінің көпшілігінде Израиль таптырмас, шан жуытпайтын одақтас болса, әсіресе Америка Құрама Штаттары үшін, қазір көзқарас түбегейлі өзгеруде. Палестинаны қолдайтын мұндай қозғалыс бүкіл әлемге тарап, оның әсері қазірдің өзінде қоғамның барлық санатын, соның ішінде тек солшыл либералдарды ғана емес, барлық зиялы қауымды қамтып жатыр", - деп Мизин "Пятый канал" арнасына пікір білдірді.

Сарапшы Израильдің өзінде де Палестина төңірегінде болып жатқан оқиғаларға қатысты жұртшылықтың ойы бір жерден шықпайтынын атап өтті.

"Антисионистік қозғалыс қазір өте күшті, жәй ғана қозғалыс емес, палестиналықтарды мойындау талап етіліп жатыр. Бірақ, негізінен, израильдықтар қазіргі үкіметке және нақты Нетаньяхуға қарсы", - дейді Мизин.

Сарапшы қазір әлем бойынша Израильді оқшаулау процесі басталғанын, тіпті АҚШ  израильдық үкіметтің Газа секторындағы әрекеттерін шамадан тыс қатыгездік деп бағалағанын айтады. Бұлай жалғаса берсе, Израиль біраз одақтастарынан айырылуы мүмкін. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу