Пандемия кезінде "айтарлықтай зардап шеккен" кәсіпорындар бар

954

Ұлттық банк 2021 жылдың қазанындағы қаржы нарығы ахуалы туралы ақпарат таратты. Онда инфляция, несие нарығы және кәсіпорындардың жай-күйі туралы айтылады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Пандемия кезінде "айтарлықтай зардап шеккен" кәсіпорындар бар

Инфляция және келесі жылға болжам. Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, 2021 жылдың қазанында инфляция 0,7% (2020 жылғы қазанда – 0,6%) болды.

Жылдық инфляция 8,9%-ға (2020 жылғы желтоқсанда – 7,5%-ға) деңгейінде қалыптасты. Инфляцияның құрылымында жылдық көрсеткіш бойынша азық-түлік тауарларының бағасы 11,3%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 7,8%-ға, ақылы қызметтер – 6,9%-ға өсті.

2021 жылдың қазанында халық арасында жүргізілген сауалнаманың нәтижесі бойынша, бір жылдан кейін күтілетін инфляцияны сандық бағалау 10,3% болды.

Кредит 

Банктердің экономиканы кредиттеу көлемі бір айда 1,4%-ға ұлғайып, 2021 жылғы қазанның соңында 17 201,8 млрд теңге болды. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2021 жылғы қазанда 3 258,1 млрд теңгеге дейін (1,9%) ұлғайды.
Несиенің елеулі сома өнеркәсіп (корпоративтік сектордың жалпы көлемінің – 32,9%-ы), сауда (22,0%), құрылыс (7,6%) және көлік (5,5%) сияқты салаларға тиесілі.

ІІІ тоқсандағы кәсіпорындар мониторингі

Өндіріс көлемінің өсу қарқыны біршама баяулады. Алайда диффузиялық индекс бұрынғысынша оң аймақта (53,4) тұр.

Кәсіпорындардың дайын өніміне сұраныс өскені байқалды.

Кәсіпорындардың басым көпшілігі (85,1%) айналым қаражатын қаржыландыруға кредит тартты (материалдар, шикізат, жартылай дайын өнімдер және т.б. сатып алу).

Бұрынғысынша, кәсіпорындар Қазақстан экономикасының жай-күйін бизнесті жүргізудегі негізгі кедергі деп санайды. Бұл туралы сауалнамаға жауап берген кәсіпорындардың 34,9%-ы мәлімдеді. Басқа кедергілер бәсекелестік (29,3%), салық деңгейі (24,0%), өнімге сұраныс (22,5%), білікті кадрлардың жетіспеушілігі (19,2%). 

2021 жылдың III тоқсанында сауалнамаларда пандемияның кәсіпорындар қызметіне әсері туралы бір реттік сұрақ енгізілді. Нәтижесінде, кәсіпорындардың 66,1%-ы COVID-19 пандемиясы және оның таралуына байланысты шектеу шаралары олардың қызметіне теріс әсер еткенін мәлімдеді. Бұл ретте кәсіпорындардың 12,9%-ының бизнесі айтарлықтай зардап шеккен, ал респонденттердің 32,0%-ы пандемия олардың қызметіне әсер етпегенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу