Пара алғандар айыппұлмен құтылды

2938

Шымкенттік шенеунік пара алғаны үшін 4,5 млн теңге айыппұл төлейді.

Пара алғандар айыппұлмен құтылды

Шымкентте еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті қалалық департаментінің бөлім бастығы пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шымкент қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті қалалық департаментінің медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің бастығы Д.Шегеловқа қатысты істі тергеп бітті.

Д. Шегелов арадағы делдал Бектемір арқылы қалалық ИЧ-167/7 түзеу мекемесінің медициналық-санитарлық бөлімінің бастығы Н. Қалымбетовтен 150 мың теңге пара алды деп айыпталып отыр. Ол мұны осы түрмеде жазасын өтеп жатқан сотталушы А. Захарченкоға ІІІ топ мүгедегі деген қорытынды жазып бергені үшін алған.

13 қыркүйекте әл-Фараби аудандық сотының үкімімен Шегеловқа – 4,5 млн теңге, Бектемірге – 750 мың теңге, Қалымбетовке 3 млн теңге айыппұл салынды.

Айыпталушы Шегелов пен Қалымбетов мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу