Паспорт, жеке куәлік аларда мемлекеттік баж төлеуден кімдер босатылады

814

Мемлекеттiк баж – уәкiлдiк берiлген мемлекеттiк органдар немесе лауазымды адамдар заңдық мәнi бар iс-қимылдар жасағаны не құжаттар бергенi үшiн алатын мiндеттi төлем.

Паспорт, жеке куәлік аларда мемлекеттік баж төлеуден кімдер босатылады

Азаматтарға арналған үкімет паспорт, жеке куәлік, тұру ықтиярхаты және азаматтығы жоқ адамның куәлігін беру бойынша мемлекеттік баж төлеуден кімдер босатылатынын хабарлады: 

• ҰОС ардагерлері және оларға теңестірілген тұлғалар;
• Кеңес одағының батырлары және Социалистік еңбек ерлері;
• Барлық топтағы мүгедектер, сондай-ақ мүгедек баланың ата-анасының бірі;
• Мүгедектер мен қарттарға арналған мекемелерде тұратын егде жастағы адамдар;
• Жетім балалар және балалар үйінде немесе интернаттарда тұратын, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
• "Батыр Ана" атағына ие болған, "Алтын алқа" және "Күміс алқа" төсбелгілерімен наградталған көпбалалы аналар;
• Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу