Павлодар облысында кәсіпорын 12 мың теңгеге сатылып кеткен

788

Павлодар облысында кәсіпорын 12 мың теңгеге сатылып кеткен

Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен аппараттық жиында өңірлік қаржы басқармасының басшысы  Нұрлан Дүйсенбинов айтты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Төрт ұйым жекешелендірілді: Павлодар облыстық диагностикалық орталық 315 миллион теңгеге, Павлодар қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімінің "Спортсервис" КМКК 12,5 мың теңгеге, "Аксукомунсервис" ЖШС-нің жүз пайыз үлесі 17 миллион теңгеге",  - деді өңірдің бас қаржыгері.

Инвестордың  "Спортсервис"  үшін 12 мың теңге  алғаны Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың ашуын тудырды. Өңір басшысы құрылысы аяқталмаған нысан бастапқы құны 19 млн теңге бола тұра соңғы сәтте арзандап қалуын түсіндіруді талап етті.
"Спортсервистің" жекешелендіруіне тоқтала кетейін деген едім. Нұржан Кемерұлы, Сіз бұл сұрақты жіберіп алғансыз. Қазір біз Усолка шағын ауданында Sport Сity жобасын дамытудамыз. Ендгі төрт нысанды салуды жоспарлап отырмыз. Гектардан артық жер – қада соғылған даланы 12 мың теңгеге сатып жіберген. Қада қағылды, 100 миллион  теңге салынды. Егер де  дұрыс сома қойған жағдайда нысан коммуналдық меншікте қалып, сатылмайтын еді. Сата алмасақ, оны сыйға тарту керек деген сөз емес қой, - деді облыс әкімі.

Қаржы басқармасы басшысының айтуынша,  "Спортсервисті" алматылық инвестор сатып алған. Ол ат спорт түрін дамытуға уәде берген.

"Бұл аяқталмаған нысан, қалыпқа келтіруге келмейді. Жері жалға берілген, сатылмаған. Бұған қоса, бұл нысанның қарызы болған", - деді Нұрлан Дүйсенбинов.

Ведомство басшылығы ұсынған мәліметке сүйенсек, 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жекешелендіру жоспары аясында  өткен жылы бәскелестік ортаға 24 ұйым мен кәсіпорын тапсырылған. Оның ішінде 19 ұйым коммуналдық меншікте және бесеуі "СПК-Павлодар" ҰК" АҚ-ның еншілес ұйымы.
Еске сала кетейік, "Спортсервис" учаскесінде  демеушілердің қаржысына Sport Сity атауымен ауқымды кешен  салу жоспарланған. 2017 жылы жобаға  жекпе-жек орталығы кіру керектін. Орталық құрамына ату тиры, семсерлесу залы, төрт бірегей зал, 2500 көрерменге арналған жеңіл атлетикалық манеж және медициналық орталық, мұз айдыны,  жабық футбол манежі,  2400 көрерменге арналған ипподром мен шаңғы роллер тас жолы кіреді. Жоба сол кездегі бұрынғы  облыс әкімі Ерлан Арынмен жүзеге асырылған. 2014 жылы өңірді Қанат Бозымбаев басқарған кезде жоба тұрып қалған. Экс-әкімінің мұндай шешімі инфрақұрылымның жоқтығымен  түсіндіріп, жобаның өзін "прожектор" деп атаған.  Дегенмен спортты дамыту үшін стратегиялық маңызы зор нысаннан бас тартылмады. Алайда солтүстік өндірістік аймақтың орнына олимпиадалық бассейнді Усолка шағын ауданында салу туралы шешім қабылданды. Мемлекеттік тізілім мәліметтеріне сәйкес 12,5 мың теңгеге кеткен  мүліктік кешен темір бетон бағаналардан тұрады. КМҚК-ға тиесілі төрт қабатты ғимаратта бассейн, құрылыстың жобалық-сметалық құжаттамасы мен жиһаз, ұйымдастыру техникасы орналасу керек еді. Бағаны төмендету бойынша сауда 2017 жылы 26-желтоқсанда өткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу