Павлодар облысында жол апатынан жүргізуші қаза тапты

341

Зардап шеккен жолаушылар бар.

Павлодар облысында жол апатынан жүргізуші қаза тапты Фото: Polisia.kz

Павлодар облысында жол-көлік оқиғалары тіркелді. Жол апаты салдарынан жүргізуші ажал құшты, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

21 қазанда сағат 06:20-да Павлодар – Успен автожолында, Мойылды кентінің жанында Toyota Alphard көлігінің 31 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, кюветке аударылып кетті. 

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды, жарақат алған жолаушы ауруханаға жатқызылды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ 22 қазанда сағат 18:20-да Гагарин көшесіндегі 65-үйдің жанында "КамАЗ" көлігінің 58 жастағы жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған жаяу жүргінші ауруханаға жатқызылды. 

Сол күні, сағат 20:23-те Ледовск көшесінде жол-көлік оқиғасы болғаны туралы туралы хабарлама келіп түсті, онда Toyota Camry көлігінің жүргізушісі жол-көлік оқиғасынан кейін белгісіз бағытта қашып кетті. Қабылданған шаралардың нәтижесінде Айманов көшесіндегі патрульдік полиция батальонының автопатрулі 56 жастағы жүргізушіні ұстады, медициналық куәландыру қорытындысы бойынша "орташа дәрежеде" алкогольдік масаң күйде болған. 

"Қазіргі таңда полиция қызметкерлері ЖКО фактілері бойынша тексерулер жүргізіп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Автокөліктер арнайы айып тұрағына қойылды", - дейді полиция өкілдері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу