Павлодар облысында жол апатынан жүргізушісі қаза тапты

233

Оқиға Астана-Павлодар автожолының Қалқаман ауылы маңында болған.

Павлодар облысында жол апатынан жүргізушісі қаза тапты Фото: Павлодар облысы полиция департаменті

Тағы екі адам түрлі жарақатпен ауруханаға хатқызылған. Полиция аталған оқиға бойынша сараптама тағайындап, тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға Астана-Павлодар автожолының Қалқаман ауылы маңында болған.

"11 сәуір күні түнгі уақытта Астана қаласының тұрғыны Тойота Естима маркалы минивенмен келе жатып, рөлге ие бола алмай, КамАЗ тіркемесінің артқы жағына соғылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Тойота жүргізушісі сол жерде қайтыс болды. Екі жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Бұл факті бойынша тексеру жүргізіліп, қажетті сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Ведомство жеңіл автокөлік пен КамАЗ тіркемесі айыппұл тұрағына қойылғанын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу