Павлодарда Ертіс үстінен өтетін көпір ашылды

1177

Павлодарда Ертіс үстінен өтетін көпір ашылды

Павлодарда  Ертіс үстінен өтетін көпір ашылды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Жобаның құны 53,8 млрд теңгені құрайды.
Көпірді салтанатты ашу рәсіміне еліміздің энергетика министрі Қайрат Бозымбаев, инвестиция және даму министрлігіне қарасты автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Мереке Пішембаев, "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Ермек Қизатов және Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов қатысты.
"Көпір  облыста Павлодар-Ақсу агломерациясын құруға және шағын қалаларды дамыту бағдарламасына бойынша Ақсу қаласын дамытуға ықпал етеді", – делінген хабарламада.
Көпір өткелінің жалпы ұзындығы 12,3 шақырымды, өткізу мүмкіндігі шамамен тәулігіне 10 мың көлікті құрайды.
"Көпір құрылысына 13500 тонна металл қондырғы, 150 000 текше метр бетон пайдаланылып,  1146 дана қаданы қағу жұмыстары жүргізілді.  66 тіректен тұратын эстакадалық бөлігі темірбетон бақандардан құралған", – деп айтылған хабарламада.
Хабарламада көрсетілгендей, көпір құрылысы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша қолға алынды. Ол  "Нұрлы жол" бағдарламасындағы "Орталық-Шығыс" көлік дәлізінің бір бөлігі болып табылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу