Павлодарда көлік жол жиегіне аударылып, жүргізуші көз жұмды

158

Қылмыстық іс қозғалды. 

Павлодарда көлік жол жиегіне аударылып, жүргізуші көз жұмды Фото: Павлодар облысы ПД

"Шарбақты – Сосновая" автожолының бойында жол апаты болып, салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Белгілі болғандай, қайғылы оқиға Орловка ауылынан шамамен үш шақырым жерде болған. Toyota Mark II маркалы көліктің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, көлік жол жиегіне шығып кетіп, аударылған.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші қаза тапты, төрт жолаушы жарақат алды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады", – деп хабарлады облыстық ПД.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу