Ақпан-наурыз айларында бесінші айналмалы бағыттағы трамвайдың жолаушыларына тәттілер таратылады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Қалалық трамвай басқармасының мәлімдеуінше, алғашқы тәттілі трамвай 7 ақпанда жолға шығады. Бір сағат ішінде бесінші айналмалы бағыттағы барлық жолаушылар тәттілерден дәм татады.
"Тәтті трамвайды" анықтау қиын емес, ол Ülker компаниясымен белгіленген. 7 ақпанда сағат 14:30-да трамвай "Вокзал" станциясынан шығып, келесі көшелермен жүреді: Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы - Ломов - 1 мамыр - Торайғыров, соңғы аялдама "Вокзал". Айналу бір сағатқа созылады", – деп атап өтті "Павлодар қаласының трамвай басқармасынан".
Сондай-ақ трамвай басқармасында тәттілі трамвай 3 рет – 7, 19 және 28 ақпан күндері жолға шығатынын атап өтті.
Акция наурыз айында жалғасады. Алты фирмалық вагон қатысады. Акцияны ұйымдастырушылар тәттілер бәріне жеткілікті болатынын айтқан. Ең бастысы – дәл уақытта, тиісті аялдамада болу.