Перизат Қайраттың соты ішінара жабық өтетін болды

104

Басты сот талқылауы 14 шілдеде басталады. 

Перизат Қайраттың соты ішінара жабық өтетін болды Фото: instagram/01pk

Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты сот ішінара жабық өтетін болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Сабыржан Кәрімов тиісті шешім шығарды.

Оған сәйкес, Перизат Қайрат пен оның анасынан жауап алу кезі ешкімге көрсетілмейді. Сондай-ақ құпия мәліметтер мен банк құпиясын құрайтын материалдар жария етілмейді. Сот ісін жүргізу тілі болып орыс тілі белгіленді. 

Айыпталушыға қатысты қамауда ұстау санкциясы сақталады.

Айта кету керек, бұған дейін Астанада Перизат Қайрат пен анасына қатысты сот басталғанын жазған болатынбыз. Ол изолятор қызметкерлері оны соққыға жыққанын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу