Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты түнгі сағат 03.40-та Жамбыл мен Қазақстан Конституциясы көшелерінің қиылысында болған.
Toyota Avensis-тің 31 жастағы жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, бағдаршамға соғылған. Екі жолаушы облыстық ауруханаға жатқызылған. Кейін олардың бірі – 33 жастағы ер адам қайтыс болды.
Полицейлер жол апаты бойынша дерек жинап жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу