Pfizer және Moderna компаниялары Еуропалық Одаққа сатылатын вакцинаның бағасын көтерді, деп хабарлайды Inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Одаққа препараттарды жеткізуге қатысты жаңа келісімшарт бойынша, Pfizer-дің бір дозасы енді 19,50 еуро немесе 23,15 доллар тұрады. Бұрын 15, 50 еуро шамасында бекітілген еді.Moderna вакцинасының бір дозасы енді 25,50 доллар немесе 21,50 еуроға сатылады. Бұрын 19 еуроға саудаланған еді.
Еуропалық Комиссияның мәлімдемесіне сүйенсек, Еуроодақ жаздың соңына дейін ересек тұрғындардың 70%-дан астамын вакцинациялауды жоспарлап отыр. Қыркүйекке дейін одаққа жеткізілетін вакцина дозаларының саны миллиардқа жетеді.
Табиғат Нұрболат