Планшеттердің әлем бойынша саудасы 15%-ға төмендеп кетті

859

Планшеттердің әлем бойынша саудасы  15%-ға төмендеп кетті

IDC зерттеу компаниясының есебінде жарияланғандай, үшінші тоқсанда
планшеттердің әлемдік саудасы 14,7%-ға төмендеді. Өткен жылдың осы кезеңінде 50,5 млн планшет сатылған  болса, биылғы көрсеткіш 34 млн планшет сатылған, деп жазды "КоммерсантЪ".

Нарықта барлық сауданың 21,5%-ын иеленген Apple компаниясы алдына қара салмай тұр (дей тұрғанмен оның саудасы өткен жылмен салыстырғанда 6,2%-ға төмендеген).

Екінші орынды 15,1%-дық үлеске ие оңтүстіккореялық Samsung корпорациясы иеленеді.  Ал үшінші орында Fire планшеттерімен саудасын қыздырған Amazon тұрақтады (7,3%, 319%-ға өскен, мұндай өсім былтыр IDC аталмыш компанияның барлық планшеттерін есепке алмауымен байланысты).

Алғашқы бестікке сондай-ақ қытайлық Lenovo (6,3%) және Huawei еніп отыр. Планшеттер саудасы бірнеше жылдан бері құлдырай бастаған. IDC болжамы бойынша, жалпы жыл ішінде  сатылған планшеттердің саны 9,6%-ға төмендейді, бұл өткен жылғы 10%-бен салыстыруға тұрарлық. Есепті жасаушылардың бағалауы бойынша,  планшеттер арасында әсіресе бюджеттік түрі сұранысқа ие көрінеді.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу