СҚО-дағы үш адамның өмірін қиған өрт оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп жазады inbusiness.kz сайты Қазақпаратқа сілтеме жасап.
СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 99 бабы, 2-бөлігі – адам өлтіру бойынша қозғалған.
Естеріңізге салайық, 17 қыркүйек күні СҚО Мағжан Жұмабаев ауданы Полтавка ауылында жеке тұрғын үй өртеніп, оқиға орнынан 58 жастағы әйелдің, 44 және 46 жастағы екі ер адамның мүрдесі табылған еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу