Премьер-министр Олжас Бектенов жақында Қорғаныс министрі болып тағайындалған Айдос Мырзахметовтің жұмысына табыс тіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұған дейін жаңа Қорғаныс министрі тағайындалғанын жазғанбыз.
"Өздеріңіз білетіндей, Президент Жарлығымен Айдос Сәкенұлы Мырзахметов Қорғаныс министрі болып тағайындалды. Мемлекет басшысы әскерді түбегейлі реформалау бойынша өте маңызды міндеттер қойды. Айдос Сәкенұлы, осы жоғары сенімді толығымен ақтайсыз деп сенеміз. Жұмысыңызға табыс тілеймін", – деді Үкімет басшысы Олжас Бектенов.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу