Мемлекет басшысының Жарлығымен Айдос Сәкенұлы Мырзахметов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Айдос Мырзахметов – Қазақстан Қарулы Күштерінің генерал-майоры. Ол әскери қызмет жолын взвод командирі қызметінен бастап, Мемлекеттік күзет қызметі департаментінің бастығына дейін көтерілген.
2002 жылы Қазақстан Қарулы Күштерінің Әскери академиясын тәмамдаған.
2024 жылғы қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Айдос Мырзахметов Қазақстан Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы болып тағайындалды.
2026 жылғы мамырда оған генерал-майор жоғары әскери атағы берілді. Сонымен қатар, Айдос Мырзахметов II дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталған.