Премьер-министр кеңсесінің қызметкері заңсыз газ саудасымен айналысты деген күдікке ілінді
27 Қараша 2020 21:58 270

Сондай-ақ, тағы 2 азамат қамауға алынған. Бұл туралы елордалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл департаментінің басшысы Шыңғыс Қабдулла мәлімдеді. Оның айтуынша, 3,5 мың тоннаға жуық көгілдір отын 252 млн теңгеден астам қаржыға заңсыз сатылған. Ал, оның бағасы тұтынушыға жеткенше 3 есе өскен. Қазіргі уақытта осы іске қатысты, энергетика министрлігі мен бірнеше облыс әкімдіктерінің лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу жүргізілуде.