Нұрлыбек Нәлібаев 1976 жылы Қызылорда облысында туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.
РФ Президенті жанындағы Ресей Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының 3 курс докторанты.
Еңбек жолын 1997–1998 жылдары аралығында "Казахойл-коммерция" ЖШС мұнай және мұнай өндірісі сарапшысы болып бастаған.
1998-2005 жж. жеке коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған.
2005–2007 жж. — Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары.
2007-2008 жж. — Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы.
2008-2013 жж. — Қызылорда облысы, Шиелі ауданының әкімі. 2013-2021 жж. — Қызылорда облысы, Қызылорда қаласының әкімі.
2021 жылғы 1 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.