Президент конституциялық өзгерістерді референдумға не үшін жібермегенін түсіндірді

904

Президент конституциялық өзгерістерді референдумға не үшін жібермегенін түсіндірді

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев конституциялық реформаны депутаттық корпусқа не үшін сеніп тапсырғанын айтып берді, деп xабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА. 

"Мен Парламент депутаттарынан біздің заңнамалар мен үрдістерді сақтай отырып, көпке созбай аталмыш заң жобасын қарастыруды сұраймын", – деді Президент Парламенттің бірлескен отырысында конституциялық өзгерістерді меңзеп. "Конституцияны өзгертудің екі жол бар. Президент талқылаудан кейін өзгерістерді жалпыxалықтық референдумға жібере алады немесе Парламент шешімімен өзгертіледі. Еліміздің негізгі саяси билік жүйесі өзгеріске ұшырамайтындығын ескерсек, реформа адамның негізгі құқықтары мен еркіндігіне жанаспайтындықтан, қаражат пен адами ресурстар шығындап, референдум өткізудің қажеттілігі шамалы. Сондықтан халық сайлаған депутаттық корпус Конституцияға сәйкес, аталған заңдарды енгізуге құқылы. Сол себепті мен екінші жолды таңдадым. Парламент өзінің заң шығару міндетін абыроймен атқарып шығатынына сенімдімін. Біздің мақсатымыз бір – мемлекетті басқару жүйесін одан әрі тиімді, тұрақты, қазіргі заманға сай ету. Біздің жол – қоғамымыздың демократиялық даму жолы екенін тағы нақтылайды", – деді Елбасы.

Мемлекет басшысының айтуынша, қазіргі Қазақстанның билік жүйесінде орын алып жатқан өзгерістер қоғамды демократияландырудың келесі кезеңдерінің бірі. Сонымен қатар, Елбасының сөзінше, аталмыш өзгерістер Қазақстанның әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына қосылуына да өз ықпалын береді.

"Жақын жылдары экономиканың өсімін 5%-ға жеткізу қажет. 25 жылда әлемнің дамыған 30 елдерінің қатарына енген жалғыз ел бар, ол – Оңтүстік Корея. Сондықтан бұл іс соншалықты оңай емес. Барлығы тырысуда. Біз де соған тырысамыз. Бәсекелестік жағдайында біз қажетті жұмысты жасауымыз керек. Бәскелестік - әр адамның бәсекеге қабілеттілігі. Сол себепті білім беру сапасы мен мамандардың жоғары біліктілігі өте маңызды. Егер Үкіметтің құрамын қарайтын болсақ, олардың орташа жасы шамамен 40 жаста, жоғары білімді, ағылшын тілді, өзге елдердің тәжірибелерін игере алатын азаматтар. Біз әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына енуді мақсат етіп отырмыз. Барлығын тек сол үшін жасаудамыз. Саяси және теxнологиялық жаңғыртулар да сол мақсатта қолға алынуда. Оны әрдайым есте сақтау керек", – деді Н. Назарбаев. 

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу жөніндегі Үндеуіне орай конституциялық реформа бастамасы жалпыхалықтық талқылаудан өтті. Конституциялық реформаның мақсаты - демократиялық процестерді ілгерілету арқылы мемлекеттегі  басқару жүйесінің тиімділігін арттыру. Осының арқасында Қазақстандағы жағдайды одан әрі жақсартуға, халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеруге мүмкіндіктер туатын болады. Бұнымен қоса, билік тармақтары арасындағы теңгерімділік сақталады. Парламент пен Үкімет және сот билігі өз өкілеттіктері аясында, теңгерімді жағдайда жұмыс жасайтын болады.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу