Президент "қызыл көл" айналасындағы мәселеге қатысты пікірін айтты

1749

Мемлекет басшысы Білім, Экология, Ақпарат министрліктеріне құлаққағыс жасады.

Президент "қызыл көл" айналасындағы мәселеге қатысты пікірін айтты

"Азаматтардың табиғи демалыс орындарындағы жаппай мәдениетсіздігі тоқтамай тұр. Отандастарымыздың ерекше қызғылт түсті "Көбейтұз" көліне келтірілген орасан зор зиянға қатысты алаңдаушылығы орынды. Бұл жағымсыз әрекеттер өскелең ұрпаққа жүргізілетін экологиялық ағарту жұмыстарының түйткілдерін ашып берді. Білім, Экология, Ақпарат министрліктері бұл мәселені жұмыстарының басым бағыты ретінде қарастыруы керек",– деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев твиттерде.

Еске сала кетсек, елордадан 170 шақырым жерде орналасқан Көбейтұз көліне карантин біткенше баруға тыйым салынды. Енді көлден тұз бен батпақ алғандар жауапкершілікке тартылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу