Президент Шарында көз жұмған ұстазды наградтау туралы Жарлыққа қол қойды

1079

Мерей Нұрғазыұлы Ибрагимов Шарындағы сел кезінде шәкірттерін құтқарамын деп құрбан болды.  

Президент Шарында көз жұмған ұстазды наградтау туралы Жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Мерей Нұрғазыұлы Ибрагимов "Ерлігі үшін" медалімен наградталды. Тиісті құжат мәтіні Ақорда сайтында жарияланды:

"М.Н. Ибрагимовты "Ерлігі үшін" медалімен наградтау туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Адам өмірін сақтап қалуға байланысты қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін Алматы қаласы "№ 199 мамандандырылған гимназия" КММ мұғалімі Мерей Нұрғазыұлы Ибрагимов "Ерлігі үшін" медалімен наградталсын (марқұм).

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі",– деп жазылған құжатта.

Еске сала кетсек, Шарында сел жүріп, шатқалды көруге барған бір топ оқушылар мен мұғалімдер, ата-аналар оқыс жағдайға тап болған еді. Екі адам көз жұмып, 6 адам ауруханаға түсті. Бір оқушыны сез ағызып, іздеу жұмыстарының арқасында аман-есен табылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу