Прогрессивті салық шкаласы қашан енгізіледі

2309

Комитет төрағасы үдемелі салық шкаласының тәуекелдерін атады.

Прогрессивті салық шкаласы қашан енгізіледі

Қазақстандықтар қазірдің өзінде прогрессивті шкала бойынша салық төлеп жүр. Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев осындай пікір айтты. 

"Бүгіннің өзінде Қазақстанда прогрессивті шкаланың прициптері негізі бар. Өйткені ең минималды табыс салықтан босатылған. Табыс одан сәл көп болса, оған бір процент қана төленеді, салықтың мөлшері 90 процентке азаяды. Қалғандары 10 процент төлейді. Сонда бүгін 3 шкала бар деуге болады. Ал енді үлкен табыс алып жатқандардың салығын 10 проценттен көтерсе, салықтан жалтаруы мүмкін. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп жүргізуде қиындықтар туындайды. Өйткені кейбір адамдарда табыс көздері бірнеше жұмыс орны болады. Ол үшін бәрін жинау керек болады", – деген комитет төрағасы Президент ұсынған жаңа шкала азаматтардың табысын декларациялау толық аяқталғаннан кейін ғана қолға алынатынын айтты. 

"Азаматтардың табысын декларациялау 4 кезеңге жоспарланғанын білесіздер. Бірінші кезеңде мемлекеттік қызметкерлер, одан кейін квазимемлекеттік сектор, келесіде бизнесте жұмыс істеп жатқан азаматтар тапсырады. Әр этаптан кейін талдау жүргізіледі. Осы 4 кезең түгел біткен соң ғана прогрессивті шкала туралы мәселе көтеріледі", – деді ол.

Есжан Ботақара
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу