Прокурор Күлекбаевқа өлім жазасын беруді сұрады

1111

Прокурор Күлекбаевқа өлім жазасын беруді сұрады

Бүгін Алматыда Руслан Күлекбаевтың ісіне қатысты сот талқысының төртінші күні өтіп жатыр. Алматы қаласы прокурорының көмекшісі Бақашбаев Күлекбаевқа өлім жазасын сұрады, деп хабарлайды "ҚазАқпарат".

"ҚР ҚК 291-бабының 2-тармағымен, ҚР Конституциясында ең ауыр жаза өлім жазасы террорлық акті жасағанда қолданылатыны жазылған. ҚР ҚК 200-бабындағы террорлық актіге байланысты Ата заң атынан, қылмыстық істерді жүргізуде прокуратура қызметкеріне берілген өкілеттік негізінде, 255-баптың 4-тармағына сүйеніп, мүлкі тәркіленіп, өлім жазасы берулін сұраймын", деді Бақашбаев.

Прокурор Күлекбаев ісі бойынша жауапқа тартылған Рафик Людың мүлкін тәркілей отырып, 9 жылға жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеуді, Сапарбековтің мүлкін тәркілеп, 12 жылға қатаң тәртіптегі колонияда жазасын өтеуді, Әсембекұлын мүлкін тәркілеп, 11 жылға бас бостандығынан айыруды, Құсайыновты 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу