Ол процесте жанжалдың қалай басталғанын рет-ретімен баяндады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Нұрымовтың сөзінше, бұған дейін "хуторлар" оның көршісін де аяусыздықпен өлтіріп кеткен. Сондықтан, олардың кім екенін білген соң, пышақ алып өзін, Шерзатты және өзге балаларды қорғамақ болған.
– Мен дүкенге кірдім, сол кезде 3 жігіт менімен бірге кірді. Олар "сыра аламыз" деді. Мен оларға "дүкенді жабамын, шығыңдар!" дедім. Сөйтіп кілтті алып, дүкенді жауып тастайын дегенде, терезе ашық тұрған соң соққы тиді, Ахметтің даусы шықты. Сыртқа жүгіріп шығарда қолыма пышақ алдым. "Неге?" дегенде, қорғану мақсатында. Біз "хуторскийміз" дегенде сескендік. Олар "түсінбейді, тоқтамайды" деген ой болды. Олар өзінікін жасап кетеді дегендей. Ауылда естіп жатамыз ғой. "Олар бірге-бір төбелесіп ешқандай әңгімені шешпейді" дегенін.
Жабылып, қаншама бала жарақат алған. Көршімізді де сол ауылдың балалары дәл солай пышақтап, атып өлтіріп кеткен. Содан сескендік те, өзімді, баламды және басқа балаларды қорғау мақсатында пышақ алып шықтым. Ол май кесетін пышақ еді, – деді Қ.Нұрымов.
Қаржаубай осылайша есікке жақындағанда Шыңғыс пышақ шығарған, бірақ оның пышағы түсіп қалған. Азамат есікті тепкен кезде ол дүкен ішіне құлаған.
– Есік алдына шыққан кезде Дархан сыра бөтелкесімен бетімнен ұрды. Есеңгіреген кезде Азамат кірпішпен жауырынымнан ұрды. Құлап бара жатқанда Шыңғыстың пышағымен қуып келді. Пышақтың ұшы жауырыныма тиді. Құлаған кезде мылтықтың дауысы шықты. Кім атты, қалай атты, қай кезде атты, оны нақты көргенім жоқ. Төбелес болып кетті. Азамат пен Шыңғыста пышақ шығарғаннан кейін жас балалар болған соң оларды өзіме тарттым. Қарасам, мама жүр екен, Шерзаттың анасы жүр екен. Нұрқанат Ахметті төбелестің арасынан шығара алмай жатыр екен. Шерзат жүгіріп келіп, Нұрқияс пен Нұрболмен төбелесіп кетті. Ол видеода көрініп тұр. Сол уақытта жасырмаймын, Абзалдың пышақ тыққанын көрмей қалдым. Абзалды көрдім, бірақ пышақ тығып алған кезін көрмей қалдым, – деді марқұмның әкесі.
Бұған дейін Қаржаубай баласының өз қолында жан тапсырғанын және сотталушылармен болған екі қыздың не істегенін айтқан еді.