"Qazaq Banki" салымшыларына өтем төлеу мерзімі ұзартылды

752

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры "Qazaq Banki" АҚ салымшыларына өтем төлеу жалғасатынын хабарлады.

"Qazaq Banki" салымшыларына өтем төлеу мерзімі ұзартылды

Агент банк болып белгіленген ВТБ Банкі (Қазақстан) АҚ ЕҰ арқылы кепілдік берілген өтем төлеу мерзімі соңғы күнін қоса алғанда 2022 жылдың 1 мамырына дейін ұзартылды, деп жазады inbusiness.kz қор баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қор "Qazaq Banki" АҚ алдындағы міндеттемелерінің жалпы сомасының 99 пайызын орындады. 2021 жылдың 16 сәуіріне дейін қалыптасқан жағдай бойынша аталмыш банктің салымшылары агент банк арқылы 20,4 млрд теңгеге кепілдік берілген өтем сомасын алды. Бұл ретте өтем алуға шамамен 6 мың адам немесе салымшылардың жалпы санының 33 пайызы өтініш берген",– дейді ҚДКҚ-дан.

Ал өтемді алмаған салымшылар алдындағы міндеттемелерінің қалдық сомасы шамамен – 160 млн теңге.

"Qazaq Banki" АҚ салымшылары кепілдік берілген өтемді алу жөніндегі өтінішпен агент банктің бөлімшелеріне жүгіне алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу