QR код пен Tap to Phonе технологиясын енгізген кәсіпкерлерді қолдау қажет

995

Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу нарығында 1 трлн теңгеден астам ақша айналып жатыр.

QR код пен Tap to Phonе технологиясын енгізген кәсіпкерлерді қолдау қажет

Нұр-Cұлтан қаласында өткен кәсіпкерлердің VI съезінде "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов еліміздегі қолма-қол ақшасыз есеп айырысу көлемі ерекше қарқынмен дамып жатқанын мәлімдеді.

Оның сөзінше, қазір қолма-қол ақшасыз есеп айырысу нарығында ай сайын 1 трлн теңгеден астам ақша айналып жатыр.

"Бизнеске түсетін салмақты жеңілдету үшін ұлттық кәсіпкерлер палатасы POS-терминал мен кассалық бақылау аппаратын QR код пен Tap to Phonе технологиясына алмастыратын кәсіпкерлерді ынталандыруды ұсынады", – деді Рустем Жүрсінов.

Басқарма төрағасы орынбасарының сөзінше, қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүйесіне серпін беріп, қызмет көрсетудің қолжетімділігін арттыру үшін өңірлерді интернетпен қамту керек.

 Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу