Ресей, АҚШ және Украина келіссөздердің жаңа кезеңін қарашада өткізеді

Бұл туралы Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков мәлім еткен.

Ресей, АҚШ және Украина келіссөздердің жаңа кезеңін қарашада өткізеді Фото: kaz.inform.kz

Оның сөзінше, үшжақты келіссөздердің жаңа кезеңі Әбу-Дабиде өтуі мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

– Біз Әбу-Дабиге бағдар алып отырмыз. Келіссөздерді қарашаның ортасында, шамамен қарашаның 10-ы мен 20-сы аралығында өткізу туралы уағдаластық болған, – деп келтіреді Ушаковтың сөзін "Вести" ақпараттық жүйесі Max мессенджеріндегі арнасында.

Бұған дейін Трамптың арнайы өкілі Зеленский және Путинмен кездесетінін шетелдік БАҚ жарыса жазды. 

Сонымен қатар, Трамптың "Украина Ресейге қарағанда соғысты аяқтауға көбірек мүдделі болуы тиіс" деген сөзін мысалға алып, мақала жазған едік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу