Ресей араб елдерін әскери әріптестік орнатуға шақырды

411

Ресейде алдағы көктемде сайлау өтеді. Саяси науқан алдында Путин таяу шығысты аралап қайтты.

Ресей араб елдерін әскери әріптестік орнатуға шақырды Фото: РИА Новости / Алексей Никольский

Бұл Ресей президентінің коронавирус пандемиясы мен Украинаға басып кіргеннен бергі шетелге жасаған бірінші сапары, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Ол Мысыр пен Әмірліктерде маңызды тұлғалармен кездесіп, бірқатар келіссөз жүргізіп қайтты. Бұл кездесудің Қазақстан үшін маңызы қандай? Экономикалық әсері бола ма?

Ресей Президенті Владимир Путин ресми сапармен Абу Дабиге барып, тақ мұрагері Мухаммед бен Заид Аль Нахайянмен кездесті. Одан соң Кремль басшысының ресми сапары Сауд Арабиясында жалғасты. Мұхаммед Бен Салман Аль-Саудпен Ресей басшысы ОПЕК+ келісімі аясындағы серіктестігін талқылаған. Араб сарапшыларының пікірінше, Мәскеудің түпкі мақсаты  қос корольдікті қару-жарақ саласында әріптестікке шақыру.

"Ең алдымен, шақыруыңыз үшін  алғыс айтамын. Біз сізді Мәскеуде күткен едік. Бірақ белгілі жағдайлармен жоспарымыз өзгерді. Соңғы 7 жылда біздің әріптестігіміз жоғары деңгейге жетті. Қазір саясат, экономика және гуманитарлық саладағы  қарым-қатынасымыз тұрақты. Әрине, аймақтағы жағдайларға қатысты ақпарат алмасып тұруымыз да маңызды", - деді Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин.

Сондай-ақ Путин 2 елді БРИКС құрамына мүшелікке шақырмақ. Халық саны көп елдерден құралған бұл ұйымға араб елдері қызығушылық танытуы заңдылық,  дейді экономист Мақсат Халық.

"Брикс Ұйымы осы әлемдік батыстың көшбасшылына қарама-қарсы құрылған ұйым деп айтуға болады. Және де осы елдер бір-біріне қолдау жасап жатқанын көреміз. Көп жағдайда. Өйткені Ресей Украинаға соғыс ашқаннан кейін және де бүкіл әлемнің, батыстың санкцияларының астында қалып жатса да, осы брикс елдері қайта керісінше Ресейдің газы мен мұнайын өте арзан бағада сатып алып, қолдау көрсетіп отырғанын көріп отырмыз. Және оған америка да ештеңе жасай алмай отыр. Сондықтан осындай жағдайдың бәрін қарап отырсақ, Брикстың жалпы болашағы бар ұйым ретінде көрінеді", - дейді экономист Мақсат Халық. 

Путиннің бұлай бой жазуын алдағы сайлауға дайындық ретінде бағалағандар да бар. Яғни электорат алдында ұпай жинаудың тәсілі, дейді кей сарапшы. Сонымен қатар, Украина кейсі де саяси додада оған жеңіс алып келуі мүмкін.

"Путин де аталмыш арнайы операция кейсін қолданатын болады. Ал америка құрама штаттары бағытында бұл жерде Байден емес, керісінше Дональд Трамп осы Израиль-Палестина кейсін пайдалану, Украина кейсін пайдалану арқылы ақшаны қаражатты сыртқа жібермей, мен негізгі бағытты ішке жіберем деген мәселені көтеретін болса осы тұстан ол керісінше өзіне ұпай жинайтын болады", - дейді саясаттанушы Қазыбек Майгелдинов. 

Яғни, Трамп билікке келсе, геосаяси жағдай өзгеруі әбден мүмкін. Себебі, ол басқарған жылдары АҚШ назары сыртқы саясаттан гөрі, ішкі нарыққа ауғаны белгілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу