Ресей елімізден жеткізілетін құс етіне шектеуді алып тастады

1364

Көрші ел қазақстандық бес кәсіпорынның өнімін кіргізуге уақытша шектеуді 15 шілдеде енгізген болатын.

Ресей елімізден жеткізілетін құс етіне шектеуді алып тастады

Россельхознадзор бүгіннен бастап қазақстандық бес кәсіпорынға қатысты шектеуді алып тастады, деп хабарлайды Atameken Business.

Олардың қатырында "Өскемен құс фабрикасы", "ADM Investment", "Ордабасы-Құс", "Париж коммуна 21" және "Kazakh Osseter" кәсіпорындары бар.

Ресей тарапы шектеулерді еліміздің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті берген кепілдікке сәйкес алған.

Еске салсақ, Ресей қазақстандық бес кәсіпорынның өнімін кіргізуге уақытша шектеуді 15 шілдеде енгізген болатын. Бұл компанияның өнімдерінде зиянды заттардың табылуымен байланысты болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу