Ресей Федерациясының ОСК Президент сайлауы 15-17 наурыз аралығында өтетінін хабарлады

342

Елдің сайлау жүйесіне сәйкес, дауыс беру процесі үш күнге созылады. 

Ресей Федерациясының ОСК Президент сайлауы 15-17 наурыз аралығында өтетінін хабарлады Фото: yur-gazeta.ru

Ресейде президенттік сайлау 2024 жылғы 15-17 наурыз аралығында – үш күн ішінде өтетіні белгілі болды. Мұндай қаулыны комиссия отырысында Ресей Федерациясы Орталық сайлау комиссиясының мүшелері қабылдады. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Интерфакс агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Бұл шешімді Орталық сайлау комиссиясының 13 мүшесі қолдап, біреуі қарсы болды. Алайда, қаулы қабылданды", - деді жұма күнгі комиссия отырысында РФ Орталық сайлау комиссиясының басшысы Элла Памфилова.

"Үш күн ішінде дауыс беру біздің сайлау жүйеміз үшін дәстүрге айналып барады. Ол алғаш рет пандемия кезінде сайлаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолданылған, бірақ уақыт өте келе бұл формат сайлаушылардың көпшілігіне ұнады және оның басқа да өзіндік артықшылықтары бар", - деп толықтырды Памфилова.

Оның айтуы бойынша, мұны социологиялық сауалнамалар растайды.

Айта кетейік, Федерация Кеңесі өткен бейсенбідегі отырыста Ресейде президент сайлауын белгілеу туралы қаулы қабылдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу