Ресейде нан пісіруге қажетті жоғары сапары бидай тапшылығы байқалып қалды, сондықтан нан өнімдерінің сапасы төмендеп, салада жалған өнім көлемі артып барады. Бұл туралы Федеративтік кеңестің отырысына дайындалған "Ресейде астық ресурстарының болжалды балансы және оны пайдалану туралы" материалда айтылып отыр.
"Өнімнің мол болуы сапалы астық тапшылығына алып келді, атап айтқанда, Ресейде нанның сұранысқа ие сұрыптарын дайындау үшін аса маңызды астық дақылы болып табылатын үшінші класты азық-түліктік бидай аз", – делінген материалда.
Елдің ауыл шаруашылығы АӨК нарықтарын реттеу департаментінің директоры Владимир Воликтің айтуынша, Ресейдің кейбір өңірлерінде астықтың фураждық санаты көбірек өндірілген, алайда нан дайындау үшін астық тапшылығы соншалықты орын алып отырған жоқ.
"Жекелеген аймақтарды алып қарасақ, шынымен де ауытқу бар. Сапалы бидайдың басым бөлігі – Сібірде. Тапшылық шынымен де бар деп айтпас едім, себебі аймақтар мұны растап отырған жоқ. Бірақ төлемқабілетті сұраныс тұрғысынан алғанда, осы ықтимал тапшылықты жабуға келгенде, меніңше, ел ішінде тасымалдау жағы тым шектеліп тасталған", – деді Волик мырза Федеративтік кеңестегі жиында.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің бағалаулары бойынша, азық-түліктік бидайдың маусым соңындағы ауыспалы қоры шамамен 16 млн тоннаны құрайды.
"Әлбетте, ол жердегі негізінен төртінші класты астық, сондықтан статистика бойынша бөлгенде ол елімізге жеткілікті болуға тиіс", – деп түсіндірді ол.
Бұған дейін хабарланғандай, жыл басында экспорт көлемінің өскеніне қарамастан, ішкі нарықта басы артық астық жинақталуы мүмкін. Маусым соңына дейін тағы да кемінде 12-4,2 млн тонна бидай жөнелту қажет. Алайда сарапшылардың есептеуінше, оған негізгі шетелдік сатып алушылар тарапынан сатып алу көлемінің қысқартуы, рубльдің күн өткен сайын нығаюы, сондай-ақ елдің өз ішінде бағаның жоғарлауы кедергі болады.