Ресейде 19 мың Lexus автокөлігі кері қайтарылмақ

1078

Ресейде 19 мың Lexus автокөлігі кері қайтарылмақ

Оған автокөлік тежегіштеріндегі ақау себеп болған. "Тойота Мотор" компаниясы NX моделінің 18 757 автокөлігін кері қайтарады, деп жазады reactor.inform.kz.
Автокөліктердің тежегіш жүйесін басқару блогында ақау анықталған. Әсіресе бұл көлікті тұраққа қойған кезде қауіпті. Тоқтатып қойған көлік өздігінен жүріп кетуі, тежегіш бірден іске қосылмауы мүмкін. Бұл апатты жағдайға соқтырады.
Кері қайтарылатын машиналардың тежегіш жүйесінің басқару блогындағы бағдарламалық жасақтама ауыстырылады. Көлік иелері үшін бұл тегін жүргізілмек.
2014 жылдың 11-қыркүйегінен бастап сатылған көліктер қабылданады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу