Электрлі хэтчбек Солтүстік Қазақстанда құрастырылып, жыл соңына дейін сатылымға шығатын болды.
Аталмыш көлік JAC S2 базасында құрастырылады. CCS Combo 2 типіндегі қуаттау ұяшығы эмблеманың астында жасырылған.
Батареяның электр сиымдылығы - 39 киловатт-сағат. Жүріс қоры - 280 шақырым.
220 вольттық үшфазалы бекетте қуаттау уақыты жеті сағатты құрайды. Ал "жылдам" режимде (400В) – бір сағат. iEV7S 115 ат күшін беретін электромотормен жабдықталады.
Motor.ru сайтының хабарлауынша, Ресейде тек қана Luxury комплектациясы ұсынылады. Бұл дегеніміз: заманауй мультимедия, диодты оптика, екі қауіпсіздік жастығы және 16 дюймдік дөңгелектер. Елімізде құрастырылатын қытайлық көліктің бағасы әзірше белгісіз.
Олжас Оқас