Ресейдегі қырғызстандықтарды өз елдеріне Қазақстан арқылы жеткізуге рұқсат берілді

583

ҚР Сыртқы істер министрлігі қырғыз тарапына жан-жақты қолдау көрсететіндігін атап өтеді.  

Ресейдегі қырғызстандықтарды өз елдеріне Қазақстан арқылы жеткізуге рұқсат берілді

Қазақстан қырғыз азаматтарының Ресейден транзит арқылы өтуіне рұқсат берді, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігі.

"Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қырғыз Республикасы азаматтары үшін транзитті қамтамасыз ету мәселелері бойынша келесіні хабарлайды. Осы жылдың 17 мамырында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің атына Қырғыз Республикасының Елшілігінен Ресей Федерациясынан Қырғыз Республикасының азаматтарын шығару үшін Қазақстан Республикасының аумағында транзиттік дәліз қамтамасыз ету жөнінде нота жіберілді. Биылғы 18 мамырда ҚР Үкіметі жанындағы коронавирустың таралуына жол бермеу мәселелері жөніндегі ведмоствоаралық комиссияның отырысында аталған өтінішке сәйкес, Ресей Федерациясының Орынбор облысында жүрген Қырғыз Республикасы азаматтары үшін Қазақстан Республикасының аумағында жолаушылар көлігін қамтамасыз ету шартымен байланыссыз көлік дәлізін ұсыну туралы оң шешім қабылданды. Қазіргі уақытта қырғыз тарапы көлікпен қамтамасыз ету мәселесін шешіп жатыр", – делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу