Ресейден құс етін тасымалдауға салынған тыйым алынып тасталды

1016

27 қыркүйектен бастап құс еті тасымалдана бастады.

Ресейден құс етін тасымалдауға салынған тыйым алынып тасталды

Қазақстан Ресейдің үш аймағынан құс етін жеткізуге салынған тыйымды алып тастады. Бұл туралы Россельхознадзор ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Алтай өлкесі, Якутия және Қалмақиядан құс тұмауына байланысты ет тасымалдауға тыйым салынған болатын. Бұл тірі құс, жұмыртқа, құс еті, қауырсын, термиялық өңдеуден өтпеген құс өнімдерінің барлық түрлері, құстарға арналған жем-шөп пен жемшөп қоспалары, сонымен қатар құстарды ұстауға, союға және боршалауға арналған жабдықтарға да қатысты.

Росельхознадзордың хабарлауынша, рұқсат Халықаралық эпизоотикалық бюроның ресми ақпаратының негізінде, сондай-ақ құс тұмауына қатысты іс-шаралар толық атқарылғандықтан берілген

27 қыркүйектен бастап құс еті тасымалдана бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу