Ресейдің орталық банкі кенеттен мөлшерлемені 12 пайызға дейін көтерді

502

Орталық банктің ставканы көтеру туралы шешімі рубльдің айтарлықтай әлсіреуімен байланысты қабылданды.  

Ресейдің орталық банкі кенеттен мөлшерлемені 12 пайызға дейін көтерді Фото: newizv.ru

Осы айда ақша саясатын қатарынан екінші рет қатаңдатылып отыр.

Ресейдің орталық банкі жоспардан тыс негізгі мөлшерлемені жылдық 8,5%-дан 12%-ға дейін көтерді. Мұндай шешім Орталық банктің сайтында жарияланған реттеушінің хабарламасында айтылғандай, баға тұрақтылығы үшін тәуекелдерді шектеу мақсатында қабылданған, деп жазады Inbusiness.kz.

"Инфляциялық қысым күшейе түсті. Оған қоса бағаның өсімінің қарқыны жеделдеп барады. Орташа алғанда, соңғы үш айда маусымдық ерекшеліктерді алып тастағанда өсім бір жылға есептегенде 7,6% құрады. Базалық инфляцияның дәл осындай көрсеткіші 7,1%-ға дейін өсті", - делінген құжатта.

"Өндірісті кеңейту мүмкіндігінен асып түсетін ішкі сұраныстың артуы тұрақты инфляциялық қысымды күшейтеді және импортқа сұраныстың артуы арқылы рубль бағамының динамикасына әсер етеді. Нәтижесінде рубльдің әлсіреуін бағаға ауыстыру әсері күшейіп, инфляциялық күтулер өсуде", - деп түсіндірді реттеуші.

Бұл соңғы айдағы қатарынан екінші қатаңдатылған саясат және Ресейдің Украинаға қарсы соғысы басталғаннан бергі негізгі мөлшерлеменің алғашқы жоспардан тыс өсуі. Шілде айындағы жоспарлы отырыста орталық банк мөлшерлемені жылдық 7,5%-дан 8,5%-ға дейін көтерді, соңғы өзгеріс өткен жылдың қыркүйегінде болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу