Ресейлік рэпер Navai Қазақстан аумағынан шығарылды

Ол есірткі контрабандасына күдікті ретінде ұсталған еді.

Ресейлік рэпер Navai Қазақстан аумағынан шығарылды Фото: noctu.ru

Осыған дейін рэпердің адвокаты Рена Керимова оның бостандыққа шығуға мүмкіндігі жоғары екенін растаған-ды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

19 қазан күні қорғаушы музыканттың жағдайы жақсы екенін хабарлады.

Бүгін ресейлік әнші Navai-ға (Наваи Бакиров) қатысты іс "ақталмайтын негіздер" бойынша тоқтатылғаны белгілі болды.

Мұндай ақпаратты Жамбыл облыстық полиция департаменті хабарлады.

– Келіп түскен сауалдарға байланысты ресейлік рэп орындаушысына қатысты қылмыстық іс оның құқық бұзушылықты алғаш рет жасағанын, кінәсін мойындап, өкінгенін ескере отырып, қылмыстық-процестік заңнама талаптарына сәйкес ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылғанын хабарлаймыз, – делінген ақпаратта.

Қабылданған процестік шешімді қадағалау органы бекіткен. Бүгінде Navai Қазақстан аумағынан депортацияланды.

Жаза кеткен жөн, Navai 13 қазаннан 14 қазанға қараған түні "Қордай" өткізу бекетінде ұсталды. 

Кейін СІМ Ресейдің нотасына байланысты пікір білдірген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу