Ресми Бішкек Нұр-Сұлтанның конструктивті ұсыныстарына "құлақ аспай" отыр, деп хабарлайды Atameken Business.
Ресми мәлімдемеге қарағанда, Қазақстан көрші елге заманауи технологияларды қолданып салықтық тексеруді күшейтіп жатқанын ескертіп бірнеше мәрте алдын ала хабарлама беріпті. Тіпті шекарадағы кикілжіңге қатысты мәселе Еуразиялық экономикалық комиссияның алқа отырысында қос тараптың қатысуымен 2 мәрте қаралыпты. Бірақ Қырғызстан ұсыныстармен келісер емес. Оның үстіне, пандемия жағдайына орай бекеттерде қауіпсіздік шарасы қатайтылған. Ұзын сонар кезектің түзілуіне де осы себеп делінген құжатта.