Республикада екі күнде 14 адам газдан уланып, 3 адам көз жұмды - министрлік

708

Екі күн ішінде республикада 14 адам улы газдан уланып, ауруханаға жатқызылды, 3 адам көз жұмды. Бұл туралы Төтенше жағдай министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.  

Республикада екі күнде 14 адам газдан уланып, 3 адам көз жұмды - министрлік Фото: zau.kz

Ақпаратқа сәйкес, 19 желтоқсан күні Семей қаласында пешпен жылытылатын екі қабатты тұрғын үйдің 2-қабатында қатты отынмен жылытылатын пешті пайдалану ережелерін бұзғандықтан, түтін мұржасының тартылуының болмауына байланысты улы газдан уланған 1994, 1971 және 1997 жылдары туған үш адам ауруханаға түсті.

"Бұдан бөлек Астана қаласында пешпен жылытудың ақаулығына байланысты 2 қабатты жеке тұрғын үйде улы газдан уланған 1970, 1990, 1994, 2012, 2015, 2018 жылы туған азаматтар ауруханаға жеткізілді.

18 желтоқсанда ШҚО Алтай ауданына қарасты Малеевск кентіндегі орталық ауруханаға улы газдан улану белгілері бар 15 жастағы жасөспірім ауруханаға түсті. Белгілі болғандай, апат жігіт ваннада болған кезде тазаланбаған мұржаның салдарынан болған. Алтай ауданы ТЖБ қызметкерлерінің тексеруі нәтижелері бойынша улы газ пеш қабырғасындағы жарықтар арқылы монша үй-жайына түскені анықталды. 1983 жылы туған үй иесіне қатысты пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 410-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды", - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Сонымен қатар 18 желтоқсанда Жамбыл облысы Бурыл ауылындағы жеке тұрғын үйде газ колонкасын пайдалану ережелерін бұзғандықтан, улы газдан уланған 1959 жылғы үй иесі, 1990 жылы туған азамат, сонымен қатар 11 және 7 жастағы балалар ауруханаға жатқызылды.

"19 желтоқсанда Жамбыл облысында адамдардың өліміне әкеп соққан улы газдан улану оқиғасы тіркелді. Қонаев ауылынан 40 км қашықтықта "Шәріпхан" шаруа қожалығында жеке тұрғын үйде қатты отынмен жылыту пешін пайдалану ережелері бұзылғандықтан, улы газдан уланған 1965, 1969 және 2008 жылдары туған отбасының 3 мүшесі қайтыс болды", - деп хабарлады ведомство.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу