Республикалық жедел-құтқару жасағына атау беріледі – қаулы жобасы

591

ТЖМ "ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері туралы" үкімет қаулысының жобасын әзірледі. 

Республикалық жедел-құтқару жасағына атау беріледі – қаулы жобасы Фото: ҚР ТЖМ

Бұдан басқа жедел-құтқару жасақтарын дербес мемлекеттік мекемелерге айналдыру көзделіп отыр, деп жазады inbusiness.kz.

Қазақстанның әлемдік аренадағы имиджін арттыру үшін және Республикалық жедел-құтқару жасағының орналасқан жерін ескере отырып, оны "Барыс" республикалық жедел-құтқару жасағы деп қайта атау ұсынылып отыр.

"Бұл РЖҚЖ Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Жедел әрекет ету ұжымдық күштер тобының құрамына кіретіндігіне байланысты. Бұл ретте басқа елдерде арнайы құтқару бөлімшелерінің өз атаулары бар", - делінген құжатта.

Бұдан басқа жедел-құтқару жасақтарын Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметтерінің құрамынан шығару және әрбір облыс орталығында және Астана, Шымкент қалаларында аумақтық Төтенше жағдайлар департаменттеріне ведомстволық бағынысты 19 дербес мемлекеттік мекемелер түрінде ұсынылады. Бұл ретте жаңадан құрылатын мемлекеттік мекемелердің қызметін тиісінше үйлестіруді ұйымдастыру мақсатында қайта ұйымдастырылатын жедел-құтқару жасақтары есебінен осы департаменттердің шағын төтенше жағдайларды жою бөлімшелері нығайтылады делінген.

Құжатқа сәйкес, жедел-құтқару жасақтарын дербес мемлекеттік мекемелерге айналдыру қаржылық шығындарды талап етпейді.

"Бір мекемеде екі кәсіби авариялық-құтқару қызметінің жұмыс істеуі құтқару саласының толыққанды дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді. Дүлей зілзалалар мен апаттар санының едәуір өсуін ескере отырып, құтқару жасақтарын дербес мемлекеттік мекемелерге айналдырған жөн. Құтқару жасақтарын реформалау елдегі және одан тыс жерлердегі төтенше жағдайларға ден қоюдың тиімділігін арттыратыны сөзсіз, сондай-ақ құтқару ісін дамытуда оң серпін береді", - деп жазылған түсіндірме жазбада.

Құжат жария талқылау 15 маусымға дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу