Облыс басшылығы Көкшетау қаласы әуежайының қонақүйін қайта жаңарту, "Болашақ Сарайы" атты қазіргі заманғы балалар мен жасөспірімдер сарайының, 9 қабатты көп пәтерлі 2 тұрғын үйдің құрылысы жөніндегі шаралар туралы баяндады. Бұл туралы primeminister.kz сайты хабарлайды.
Үкімет делегациясы барлық нысан құрылысының барысымен және "Достық" және "Көкшетау" қонақүйлерінің нөмірлік қорымен танысты, сондай-ақ, "Kazrost Engineering Ltd" ЖШС арқылы "Вектор" комбайндарын өндіретін зауытына, "Agrimer-Astyk" ЖШС астық өңдеу кешеніне, "Азиякотломаш" ЖШС бу және су жылыту қазандықтарын шығаратын зауытқа, "Kaz Beef Processing" ЖШС ет өңдеу кәсіпорнына барды.
Роман Скляр қойылған міндеттерді жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтіп, белгіленген жоспарларды орындау бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
Қазақстан мен Ресей аймақаралық ынтымақтастығының XVII форумын өткізу екі елдің сауда-экономикалық қарым-қатынастарын дамытуға елеулі серпін береді және бизнес-қоғамдастықтардың өзара іс-қимыл аясын сапалы кеңейтуге мүмкіндік береді.