Руслан Баймишев вице-министр болды

880

Бұған дейін ол ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне қарасты Жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры лауазымын атқарды.   

Руслан Баймишев вице-министр болды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі лауазымына Руслан Нұрашұлы Баймишев тағайындалды, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі.

Руслан Баймишев 1980 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. "Фемида" заң академиясын "заңгер" мамандығы бойынша, Қазақ ұлттық техникалық университетін "геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау бакалавры" мамандығы бойынша тәмамдаған. 

2008-2013 жылдары Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің "Қазгеоинформ" республикалық геологиялық ақпарат орталығында түрлі қызметтерді атқарды. 2013-2016 жылдары аталған Орталыққа жетекшілік етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу