Садриддин Ахмедов 10 рет жеңілген боксшымен жұдырықтасатын болды

357

Садриддин Ахмедов соңғы рет рингке 2022 жылдың желтоқсан айында шыққан.

Садриддин Ахмедов 10 рет жеңілген боксшымен жұдырықтасатын болды Фото: olympic.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов (13-0, 11 КО) ұзақ үзілістен кейін алаңға қайта оралды. Ол 31 тамызда америкалық Антонио Тоддпен жұдырықтасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі 360 Promotions промоутерлік компаниясының мәліметіне сілтеме жасап.  

Жекпе-жек 31 тамызда Hollywood Fight Nights кеші аясында өтеді. Қазақ боксшысының қарсыласы – америкалық Антонио Тодд (17-10, 9 КО).

"Садриддин Ахмедовты қарсы алыңыздар, Қазақстаннан. Ол өзінің АҚШ-тағы дебюттік жекпе-жегін 31 тамызда UFC Fight Pass-да өткізеді. Әуесқой бокста 200-ден астам жеңісі бар Ахмедов Антонио Тоддпен жұдырықтасады", – делінген дереккөз таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, Садриддин Ахмедов соңғы рет рингке 2022 жылдың желтоқсан айында шыққан. Алматыда өткен бокс кешінде жерлесіміз оңтүстікафрикалық Нкулулеко Мхлонгоны (23-12-1, 18 КО) нокаутпен жеңген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу