Садыр Жапаров мемлекет басшысы қызметіне кірісті

1271

Инаугурацияға Сооронбай Жээнбеков қатысты.

Садыр Жапаров мемлекет басшысы қызметіне кірісті

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров ресми түрде мемлекет басшысы қызметіне кірісті. Бұл туралы жергілікті басылымдар хабарлады. 28 қаңтарда 
28 қаңтарда, яғни бүгін өтіп жатқан ұлықтау рәсімінде Жапаров ант берді, қырғыз халқының игілігі үшін жұмыс істеуге уәде етіп, содан кейін елдің туын сүйді.

Орталық сайлау комиссиясының басшысы Нұржан Шайлдабекова Жапаровқа мемлекеттік рәміздерді, нақтырақ айтқанда, төсбелгі мен президенттік байрақты тапсырды.

Инаугурацияға экс-президент Сооронбай Жээнбеков қатысты. Сонымен қатар республиканың бұрынғы басшысы Роза Отынбаева мен президент қызметін уақытша атқарған Талант Мамытов та келді. Президент аппаратының дерегіне сенсек, ұлықтау рәсіміне қатардағы азаматтар, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, отандық және шетелдік БАҚ өкілдері мен дипломатиялық корпус өкілдері шақырылды. 

Еске сала кетсек, 10 қаңтарда Қырғызстанда мерзімінен бұрын президенттік сайлау мен басқару формасын таңдау туралы референдум өтті. Саяси додаға17 үміткер қатысып, дауыстың шамамен 79%-ын Садыр Жапаров жинады. Президенттік басқару формасын азаматтардың 80%-дан астамы қолдады.

Табиғат Нұрболат

Фото: tass.ru

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу