Садыр Жапаровтың жемқорлық үшін ұсталған туысы қыркүйекке дейін қамауда болады

516

Ұлан Жапаров Бішкектегі тергеу изоляторында 26 қыркүйекке дейін болады.

Садыр Жапаровтың жемқорлық үшін ұсталған туысы қыркүйекке дейін қамауда болады Фото: kun.uz

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың туысы Ұлан Жапаров қамауда қалады, деп жазады inbusiness.kz 24.kg порталына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, Бішкектің Первомай аудандық сотына тиісті өтінішті ІІМ тергеушісі берген.

"Сот тергеушінің өтінішін қанағаттандырды. Ұлан Жапаров ел астанасының тергеу изоляторында 26 қыркүйекке дейін болады", - делінген хабарламада.

Первомай аудандық соты 24.kg редакциясына бұл ақпаратты растады.

Айта кету керек, осыған дейін Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың ұсталған туысына қатысты пікір білдіргені жазған болатынбыз. Ұлан Жапаров сыбайлас жемқорлық бабы бойынша айыпталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу