Сағынтаев – Қазақстанда саудадан салық алудың қажеті жоқ

636

Сағынтаев – Қазақстанда саудадан салық алудың қажеті жоқ

Еліміздің үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев қосымша құн бойынша салықты саудадан алым бойынша салыққа алмастыруға қатысты үкіметтің ұстанымын мәлім етті.
"Біздің ұстанымымыз – Қазақстанда саудадан алым алудың қажеті жоқ", – деді ол Астанада "Атамекен" Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы төралқасының кеңейтілген отырысы кезінде.

Бақытжан Сағынтаев бұл мәселе шетелдік кеңесшілердің қатысуымен үстіміздегі жылдың басынан бері талқыланғанын, аталған тарап саудадан алым алудың тиімсіз екеніне үкіметтің көзін жеткізгенін тілге тиек етті.
"Біз пікірлесіп, ортақ түсінікке келдік. Соңғы өткен кеңесте әріптестерімізбен бірге мемлекет басшысына түйінімізді айттық. Мемлекет басшысы "Егер солай деп санасаңыздар, ендеше шешім қабылдаңыздар", деді", – деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу