Сәкен Мұсайбеков вице-министр болды

927

Сәкен Мұсайбеков 1967 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.  

 Сәкен Мұсайбеков вице-министр болды

ҚР Үкіметінің Қаулысымен Сәкен Жүнісбекұлы Мұсайбеков ҚР мәдениет және спорт вице-министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Үкіметтің ресми сайты.

Қазақ политехникалық институтын, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған. 

Еңбек жолын 1991 жылы "Алма" Алматы салааралық іскерлік қатынастар интерассоциациясының маркетинг бойынша жетекші маманы болып бастаған. 

1995-1996 жылдары – ҚР Министрлер Кабинеті жанындағы Шетел капиталын пайдалану комитетінің Сыртқы көмекті үйлестіру басқармасының жан-жақты көмек секторының жетекші маманы, бас маманы.

1996-2000 жылдары – ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының көмекшісі.

Түрлі жылдары мемлекеттік кірістер министрінің кеңесшісі, Қаржы министрлігінің Әкімшілік департаментінің директоры, "Қазақавтожол" РМК бас директорының орынбасары, Қаржы министрлігі аппаратының жетекшісі қызметтерін атқарған.

2004-2005 жылдары – ҚР көлік және комуникациялар вице-министрі. 

2008-2012 жылдары – "Қазына" тұрақты даму қоры" АҚ басқарушы директоры, "Самұрық-Қазына" АҚ аппаратының басшысы.

2012-2015 жылдары – Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының бас директоры.

2015 жылдан 2019 жылға дейін ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болып қызмет атқарды. 

2019 жылғы ақпаннан қазіргі таңға дейін ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің бас хатшысы лауазымын атқарған. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу