Салық төлеуден жалтарғандар енді қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды

243

Заңда Қылмыстық кодекстің бизнестің мүдделерін қозғайтын төрт бабын (ҚК-нің 219, 234, 236 және 241-баптары) қылмыстық сипаттан арылту көзделген. 

Салық төлеуден жалтарғандар енді қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды Фото: gov.kz

Бүгін сенатта экономикалық құқық бұзушылықтардың жекелеген түрлерін қылмыстық сипаттан арылтуды әрі заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылды көздейтін өзгерістер мен түзетулер бірінші оқылымда қабылданды.

Атап айтқанда, Қылмыстық кодекстің екі бабы толық қылмыссыздандыруға жатады, олар:

1)  кредиттi заңсыз алу немесе бюджеттік кредитті мақсатсыз пайдаланғаны үшін қылмыстық жауапкершілікті белгілейтін 219-бап, себебі бұл бапта қарастырылған қылмыс құрамы осы кодекстің 189 және 190 баптары бойынша саралана алады.

Сонымен қатар, осындай іс-әрекеттерді заңнаманы бұза отырып кредит алу не оны пайдаланғаны үшін жауапкершілік белгілейтін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 233-бабымен де саралау мүмкіндігі бар;

2) бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасын бұзғандығы үшін жауапкершілікті айқындайтын Қылмыстық кодекстің 241-бабында көзделген іс-әрекет Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 239-бабының 1-бөлігіне ауыстырылып отыр.

Сонымен қатар, осыған ұқсас іс-әрекеттер бойынша жауапершілік  Қылмыстық кодекстің 216, 244 және 245-баптарымен қарастырылған.

Шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында және ФАТФ ұсынымын ескере отырып, Қылмыстық кодекстің экономикалық контрабанда және  кедендік баждарды, алымдарды және салықтарды төлеуден жалтарғаны үшін жауапкершілікті белгілейтін 234 және 236-баптары ішінара қылмыссыздандырылып, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы  кодекстің 551-бабына ауыстырылады.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі тапсырмасын орындау үшін "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына мыналарды:

  • қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың мақсаттары мен міндеттерін, қағидаттарын;
  • уәкілетті органның міндеттері мен функцияларын, құқықтары мен міндеттерін белгілеу бөлігінде түзетулер енгізіледі. 

Тұтастай алғанда, Заңда 5 заңнамалық актіге, оның ішінде 3 кодекске және 2 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу